Головкин қазіргі заманның «ең мықты панчерларының» үштігіне кірді
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) салмақ санатына қарамастан, қазіргі заманның ең мықты панчерларының рейтингіне кірді.
Бұл рейтингте нокаут пайызы 85-ке тең болған Головкин үшінші орынды иеленді. Қазақстандық боксшы тек жеңіл салмақтағы жапондық Наое Иноуэ мен америкалық супер ауыр салмақтағы боксшы Деонтей Уайлдерге ғана жол берді.
Рейтінгте бірінші орынды 88 пайызбен Наое Иноуэ, екінші орынды 95 пайызбен Деонтей Уайлдер иеленсе, Головкин тіпті ауыр салмақтағылардан да асып түсіп 85 пайызбен үшінші орынға жайғасты.
Геннадий Головкин мансабын өз елінде, Қазақстанда бастағаннан HBO Boxing жұлдызы болғанға дейін бүкіл әлемдік көрермендерді өзінің керемет күші мен техникалық арсеналымен таң қалдырды. Кәсіпқой бокстың жұлдызы атанғаннан кейін GGG жекпе-жекке шыққан кез-келген спортшыны еш қиынсықсыз жеңе бастады.
«Осындай сабырлы да, салмақты 36 жастағы жігіттің қарсыластарын сондай керемет жеңілдікпен жеңе алатыны ақылға қонымсыз көрінеді. Бірақ, өз мансабында ешқашан канваста болмаған Головкин адам айтқысыз соққысымен тіпті ауыр салмақтағы спортшылардың өзін тізе бүктірді»,- дейді TalkSport.com тілшісі.
Түпнұсқасы:stan.kz